RUS ENG

Риддер аграрлық техникалық колледжі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Риддер аграрлық техникалық колледжі» КМҚК ресми сайты Біздің мекенжай: ШҚО, Риддер қаласы, Островский көшесі 65, телефон/факс: 8-72336-56815, қабылдау комиссиясының телефон нөмірі: 8-72336-56350, E-mail: Ratk_Ridder@mail.ru







"кРАТКо" газеті қыркүйек-қазан 2015



«Қазақстан-2050»
Физикадан емтихандық сұрақтар
1 курсқа арналған физикадан емтихандық сұрақтар
1 курсқа арналған орыс тілінен сынақ


Тәуелсіздік күні (26 фото)
О-14 тобындағы экскурсия (34 фото)
ҚР Президентінің жолдауы (10 фото)
Ата-аналар жиналысы (8 фото)
Тұңғыш Президент күні (24 фото)



РАТК оқытушылары мен студенттері! Колледж сайтында өздеріңіздің материалдарыңызды жариялау үшін оларды E-mail-ге жолдауларыңызды сұраймыз: RatkRidder@yandex.ru



Колледж сайты 2009 жылы құрылды
Яндекс.Метрика

Сіздер біздің жобаны қолдай аласыздар
Білім беру сайттарының рейтингі mega-talant.com
ЦРТ «Мега-Талант»



Мамандықтар тізбесі
0705000 «Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу» мамандығы
Біліктілігі: техник - технолог
Заманауи кеніштер мен шахталар тау-кен қазбаларын ұңғылауға және пайдалы қазбаларды қазуға арналған аса тиімді механикаландырылған кешендермен және өздігінен жүретін жабдықтармен жарақталған. Кеншілер тау-кен жұмыстарын тікелей жүргізумен және ұйымдастырумен, тау-кен жабдықтарын құрастырумен және бөлшектеумен айналысады.
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ:
қазу, ұңғылау және бұрғыатпалық жұмыстардан, тау-кен жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуден және пайдаланудан тұрады.
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ:
бекітуші, жол жұмысшысы, скреперші, жүкарба машинисі, арқандаушы.
ҚЫЗМЕТІ:
қала мен облыс кеніштері.
1003000 «Түсті металдардың металлургиясы» мамандығы
Біліктілігі: техник - металлург
Ел экономикасында түсті металдар өндірісі жетекші орын алады. Кеннен және құрамында металл бар шикізаттан түсті металл алу – көп сатылы үдеріс. Мұндай үдерістерді білікті мамандар ғана сауатты басқара алады.
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ:
түсті металдарды өңдеу тәсілдерінен, металлургия жабдықтарының құрылымы мен жұмыс принціпінен, өндірістік цех жұмысын ұйымдастырудан тұрады.
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ:
шикіқұрамдаушы, балқытушы, біріктіруші, аппаратшы, пеш жағушы, басқару пультінің операторы.
ҚЫЗМЕТІ:
металлургия зауыттары.
0709000 «Пайдалы қазбаларды байыту (кенбайыту)» мамандығы
Біліктілігі: техник - технолог
Кен – құрамында бағалы құрауыштарымен қатар, өнеркәсіпте қолдануға жарамсыз бос жынысты минералдары бар әртүрлі минералдардың жиынтығы.
Пайдалы қазбаларды байытудың мақсаты бағалы құрауышты минералдарды бос жынысты минералдардан бөліп алу болып табылады.
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ:
пайдалы қазбаларды байытудан, байыту фабрикалары жабдықтарының құрылымы және оларды пайдаланудан, өндіріс учаскесінің жұмысын ұйымдастырудан тұрады.
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ:
II,III дәрежелі ұсақтаушы, диірмен машинисі, қалқымалаушы, сепараторшы, қоюлатқыш аппаратшысы, сүзгіші.
ҚЫЗМЕТІ:
байыту фабрикалары.
0911000 «Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы
Біліктілігі: электромеханик
ДАЯРЛАУ ЕРЕКШЕЛІГІ:
ЭНЕРГЕТИК – заманауи кәсіпорындағы таптырмайтын маман. Теориялық және тәжірибелік даярлық кезінде оқушылар электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдаланумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен, электр желілері мен қосалқы станцияларды құрастырумен танысады.
ТҮЛЕКТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРНЫ:
Колледждің толық курсын аяқтағаннан кейін түлектерге электромеханик біліктілігі беріледі және фабрикалар мен зауыттарда, әртүрлі кәсіпорындарда, кооперативтерде жұмыс істеу мүмкіндігі ұсынылады.
0707000 «Тау-кен электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрстеу және жөндеу» мамандығы
Біліктілігі: электромеханик
Кеніш жер қойнауында тереңде жасырылған, әртүрлі көтеру, энергия қуатымен қамту, желдетпе, сутөкпе, сорғылық және сығымдағыш қондырғылармен жабдықталған өзгеше кәсіпорын. Кеніштердің электромеханикалық жабдықтарын құрастыру, пайдалану және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу үшін электромеханиктер қажет.
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ:
кеніш қондырғыларының құрылымы және оларды пайдаланудан, қазу және ұңғылау учаскілерін электр қуатымен қамтудан, тау-кен машиналарын және механизмдерді жөндеуден тұрады.
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ:
электрослесарь, шахталық стационарлы қондырғыларды жөндеу бойынша слесарь, өлшеу-бақылау аспаптарын жөндеу бойынша электрослесарь.
ҚЫЗМЕТІ:
кеніштер.
1014000 «Машина жасаудың технологиясы (түрлер бойынша)» мамандығы
Біліктілігі: техник - механик
Оқушылар колледжде металдар технологиясы мен металтануды, кесу арқылы металдарды өңдеуді, стандартау негіздерін, қолданбалы механика мен сызуды, электротехниканы, машиналар мен агрегаттарды, негізгі және көмекші жабдықтардың құрылымын және жұмыс істеу принціпін зерделейді. Оқу үдерісінде жабдықтарды таңдау элементтері, есептеу, құрылымдық жобалау оқытылады.
ТҮЛЕКТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРНЫ:
Оқуды аяқтағаннан соң техник-механик біліктілігін алғаннан кейін түлектерге байыту фабрикасында, металлургиялық зауыттарда, машина жасау кәсіпорындарында жұмыс істеу мүмкіндігі ұсынылады.
1401000 «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану» мамандығы
Біліктілігі: техник - құрылысшы
Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға ықпалдасатын экономикалық өсім өндірістік және әлеуметтік саланы ұлғайтусыз және жаңартусыз мүмкін емес. Ғимараттар мен үймәреттерді күрделі салу және құрылыс-жөндеу фирмалары заманауи білікті мамандарға тапшы. Осы мамандық түлектері құрылыс фирмаларында, жобалық-құрылымдау бюроларында, құрылыс құрылымдарын, материалдарды, бұйымдарды өндіру кәсіпорындарында жұмыс істейді. Жеке фирмаларда, кеңселерде еуро жөндеуді орындай алады, қайта құрылымдау бойынша коммерциялық қызметті жүргізеді.
ҚЫЗМЕТІ:
құрылыс фирмалары, жобалық-құрылымдау бюросы.
1508000 «Орман шаруашылығы, саябақты және ландшафтты құрылыс (түрлер бойынша)» мамандығы
Біліктілігі: орман шебері
Орман ісі туралы ұғынбаған адамға орман табиғат құбылысы болып көрінер. Бірақ, ол олай емес. Орман – адамның қолынан шыққан жаратылыс. Оны өсіреді, сақтайды, күтім жасайды, аурулар мен зиянды жәндіктерден қорғайды. Оның барлығын орман шаруашылығының қызметкерлері жасайды.
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ:
орман өсірушіліктен, орманды қорғау және сақтаудан, орман өсірудің технологиясы мен экономикасынан, орманды пайдаланудан тұрады.
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ:
II, III дәрежелі ағаш өңдеу бойынша білдекші
ҚЫЗМЕТІ:
орман шаруашылық өндіріс кәсіпорындары, ботаникалық бақтар, орман тәжірибелік станциялар, орман шаруашылығын жүргізу жүйесін ұйымдастыру ұйымдары, қалалар мен елді мекендерді көгалдандырумен айналысатын кәсіпорындар.
1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы
Біліктілігі: техник - механик
Әрбір жүргізуші өз автомобилінің дұрыс жағдайда болғанын қалайды. Сенімділікті нығайту, қызмет ету мерзімін ұзарту, сынудың алдын алу, қысқа мерзімде сапалы жөндеу – техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің шешетін мәселелері.
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ:
автомобильдердің құрылымынан, жұмыс істеу принціпінен, құрастыру және бөлшектеу әдістерінен, басқару, тексеру және жөндеу жұмыстарынан тұрады.
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ:
II,III дәрежелі слесарь.
ҚЫЗМЕТІ:
автокөліктік, көліктік-экспедициялық, автожөндеу кәсіпорындары, ТҚКС.
1414000 «Жиһаз өндірісі» мамандығы
Біліктілігі: техник - технолог
ДАЯРЛАУ ЕРЕКШЕЛІГІ:
Оқушылар колледжде оқу кезінде келесі пәндерден арнайы теориялық даялықтан өтеді: ағаштану, ағаш кесу- ағаш өңдеу өндірісінің технологиясы, ағаш-жиһаз өндірісінің жабдықтары және автоматтандыру, нарықтық экономика.
БІЛІКТІЛІГІ:
Колледжді аяқтағаннан соң түлектерге техник-технолог біліктілігі беріледі. Тәжірибелік оқыту кезінде түлектер жұмысшы мамандықтарын игереді: білдекші, ағаш тілгіш жұмысшысы, жиһаз құрастырушы.
ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЖҰМЫС ОРНЫ:
АЖТ және АТТ зауыттары, жиһаз фабрикалары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағаш және жиһаз цехтері.
0518000 «Есеп және аудит (салалар бойынша)» мамандығы
Біліктілігі: экономист-есепші
Барлық меншік нысанындағы кәсіпорын жетекшілері капиталдың ұқыпты шығындалуына, ысыраптардың жойылуына, өнімділіктіктің артуына, түскен пайданың тиімді қолданылуына, салықтық міндеттердің дәл орындалуына мүдделі. Сондықтан экономист-есепшінің кәсіпорындағы рөлі бірінші орында тұр.
ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ:
бизнес негіздерінен (бухгалтерлік есеп, экономика, аудит, маркетинг, менеджмент, салық салу, бухгалтерлік есепті компьютерлік жүргізуден) тұрады. ҚЫЗМЕТІ:
қаржы және салық ұйымдары, банктер, коммерциялық фирмалар, өз ісі.
0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы (мемлекеттік тілде)
Біліктілігі: іс қағаздарын жүргізуші
Іс қағаздарын жүргізуші колледжде жалпы білім беру бағдарламасын мемлекеттік тілде зерделейді. Оқушылар қағаз нұсқада және заманауи технологияларды қолданумен құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды, әртүрлі бағыттағы мәтіндерді аударуды, кадрлар бөлімінің жұмысын ұйымдастыруды, мұрағатта жұмыс істеуді үйренеді.
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ:
хатшы-референт
ҚЫЗМЕТІ:
құжаттамалармен қамтамасыз ету қызметі, өз жұмыс учаскесі бар БҚҚ қызметінде инспектор.


«МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ – ИНДУСТРИЯҒА!» - «СЕРПІН-2050» әлеуметтік жобасының Республикалық үйлестіру кеңесі туралы ақпарат

2014 жылдан бастап Қазақстанда «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарламаның мақсаты – еңбек ресурстары артық мөлшердегі елдің оңтүстік аймақтарындағы (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарындағы) жастарды кадр тапшылығы бар Қазақстанның шығыс, солтүстік және батыс аймақтарында оқыту және жұмысқа орналастыру.
Колледж 1997 жылы тау-кен металлургиялық және орман колледждерін біріктірумен құрылды. Өзгерістер кезеңінде құрылған оқу орны барлық сынақтардан өтіп, тау-кен металлургия және орман колледждерінің бейінін жылдар бойы анықтап келген негізгі басты мамандықтарын сақтап қалды.

  • Мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 196-1917-14-МК БСН 990340004314.
  • Білім беру қызметімен айналасуға берілген мемлекеттік лицензия 2009 жылы 19 қаңтардағы АБ сериялы № 0067073.

Бүгінгі колледж

  • 50-ден астам білікті оқытушылар
  • күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде оқитын 1000-нан астам оқушылар
  • 4 оқу ғимараты
  • 40 оқу бөлмелері мен зертханалар
  • 6 компьютерлік сынып
  • тау-кен полигоны
  • орман көшеттігі
  • ағаш өңдеу шеберханалары
  • спорттық кешен
  • оқу сыныбы бар кітапхана
  • жатақхана
  • асхана

Біздің серіктестер